«Хаттар» бөлімі біздің павлодарлық жерлестеріміздің майданда жазған хаттарының цифрланған түпнұсқаларын қамтиды. Хаттар Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінен, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан және тұрғындардан алынды. Хаттар авторлардың аты-жөніне қарай алфавиттік тәртіп бойынша орналастырылды. Бұдан басқа, авторлары белгісіз немесе түсініксіз жазылған хаттар бар. Олар көпшілік назарына нөмірленіп ұсынылатын болады.